«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер |
||||||||||
|
РБ РБ ЖБ ЖБ |
10 10 10 10 |
3 5 5 5 |
207 694 254 700 |
256 007 010 011 |
100 100 015 015 |
014 |
1. Жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендері туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде: 1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттаустанциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотелдер, туристік базалар, балық өсіру шаруашылықтары, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды салу және орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру; 2) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, сондай-ақ балық өсіруді жүргізу; 3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру; 4) пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және аббаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер; 5) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер; 6) көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну. |
1) табиғи кешендерді сақтау және дамытуға; 2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға; 3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге; 4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға; 5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға; 6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетушілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге; 7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге; 8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге; 9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға; 10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге; 11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге; 13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге; 14) табиғат музейлері мен көрмелерді ұйымдастыруға және оларды күтіп ұстауға; 15) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға; 16) жарнамалық қызметті жетілдіруге; 17) экологиялық насихатауға; 18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға. (112, 113, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421 және 431). |
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабы, «Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығы (бұдан әрі – № 175 Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36373 болып тіркелген). |
|
|
РБ РБ ЖБ ЖБ |
10 10 10 10 |
3 5 5 5 |
207 694 254 700 |
256 007 010 011 |
100 100 015 015 |
015 |
Шектеулі шаруашылық қызметінен, оның ішінде: 1) кәдесый өнімдерін өндіруден; 2) аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден; 3) жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы); 4) ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар; 5) шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімдерін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелерді жасаудан түсетін кірістер; 6) балық шабақтарын өсіруден; 7) жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден; 8) орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден) алынған табыстар; |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
|
РБ РБ |
10 10 |
5 3 |
694 207 |
007 256 |
100 100 |
016 |
Рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
|
РБ РБ ЖБ |
10 10 10 |
5 3 5 |
694 207 254 |
007 256 010 |
100 100 015 |
017 |
Баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
|
РБ РБ ЖБ |
10 10 10 |
5 3 5 |
694 207 254 |
007 256 010 |
100 100 015 |
018 |
Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары, сондай-ақ гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражаты |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
»;
«Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер |
|||||||||
|
РБ |
10 |
1 |
212 |
255 |
100 |
037 |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау нәтижесiнде алынған өнiмдердi өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
1) сұрыптық сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулер жүргізу; |
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабы, «Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 36050 болып тіркелді). |
|
РБ |
10 |
1 |
212 |
255 |
100 |
038 |
Мемлекеттiк сорттарын сынау саласында ақылы қызметтер көрсету |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
10 |
1 |
212 |
255 |
100 |
039 |
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынақтан өткiзу саласында баспа өнiмдерi мен ақпараттық бюллетендердi iске асыру |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
10 |
1 |
212 |
255 |
100 |
040 |
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн өсiрудiң сорттық агротехникасы бойынша консультациялық қызметтер көрсету |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
10 |
1 |
212 |
255 |
100 |
041 |
Жоғары және орта оқу орындарының оқушылары мен студенттерi үшiн өндiрiстiк және диплом алдындағы практиканы өткiзу |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
10 |
1 |
212 |
255 |
100 |
042 |
Тұқым шаруашылығының аттестациядан өткен субъектiлерiне бiрегей, элиталы тұқым және кейiннен өсiрiлетiн тұқым сорттарына зертханалық сынақтан өткiзу бойынша ақылы қызметтер көрсету |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
»;
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер |
|||||||||
|
РБ |
03 |
5 |
410 |
001 |
000 |
051 |
Ғылыми зерттеулерді жүргізу |
Гранттық қаржыландыру қаражаты Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі - ҰҒК) шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады. Шығыстарға мынадай шығындар жатады: 1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі; 2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға байланысты іссапарлар; 3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің зерттеулерді орындауға қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады; 4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу; 5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу; 6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар; 7) үй-жайларды жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар; 8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар; 9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар; 10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419). Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады. Шығыстарға мынадай шығындар жатады: 1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі; 2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға байланысты іссапарлар; 3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады; 4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу; 5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу; 6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар; 7) үй-жайларды жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар; 8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар; 9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар; 10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419). |
Білім туралы заңның 63-бабының 3-тармағы, «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген). |
|
РБ |
03 |
5 |
410 |
001 |
000 |
075 |
Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру |
1) шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға; 2) қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға; 3) әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға; 4) оқу-материалдық базаны нығайтуға; 5) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, кәсіби білім беруді ұйымдастыру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу үшін тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге; 6) оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды басып шығаруға; 7) ұлттық қауіпсіздік органдары оқу орындарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге; 8) тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға; 9) электрондық цифрлық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға; 10) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға; 11) үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға; 12) кәдесый өнімдерін сатып алуға; 13) оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға; 14) білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге; 15) көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға; 17) байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге; 18) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге; 19) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу шеңберінде кофе-брейктерді ұйымдастыру және өткізу қызметтеріне ақы төлеуге; 20) қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін тартылатын мамандардың (оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары оқу орындарының кадр құрамы қатарынан) қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады (116, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 157, 158, 159, 161, 162, 169, 413, 414, 416 және 419). |
|
|
РБ |
03 |
5 |
410 |
001 |
000 |
052 |
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу. |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
»;
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелері ұсынатын қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелері ұсынатын қызметтер |
|||||||||
|
РБ |
05 |
9 |
201 |
014 |
100 |
071 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмек көрсету бойынша қызметтер |
1) клиникалық хаттамаларға және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне, сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тиісті жылға бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, шығыс материалдарын, сондай-ақ дәрі қобдишаларын, арнайы емдік өнімдерді сатып алу (қамтамасыз ету); 2) «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына (бұдан әрі – № 128 Қаулы) сәйкес пациенттерді тамақтандыру және жұмсақ мүккәмалмен жарақтандыру; 3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлау; 4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеу; 5) шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғанда байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, цифрлық жүйелерге қызмет көрсетуді қоса алғанда, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, тауарлар мен қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеу; 6) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелері қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы белгілеуге арналған шығындар (112, 114, 116, 121, 122, 124, 136, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 158, 159, 161, 165, 169, 414 және 419). |
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабы, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 36174 болып тіркелген). |
»;
«Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері ұсынатын әскери медицина саласында көрсетілетін қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері ұсынатын әскери медицина саласында көрсетілетін қызметтер |
|||||||||
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
073 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек |
1) материалдық-техникалық (оқу- материалдық) базаны нығайту; |
ҚР қорғанысы және ҚК туралы Заңның 24-бабы 2-тармағы және № 622 қағидалар. |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А41 |
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А42 |
ТМККК тізіміне және (немесе) МӘМС жүйесіне енгізілмеген медициналық көмектің қосымша көлемі |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А43 |
Бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық және паразитологиялық зерттеулер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А44 |
Физикалық факторларды, микроклиматты, шуды, дірілді, жарықтың берілуін өлшеу бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А45 |
Судың химиялық талдауын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А46 |
Объектілерді радиометриялық зерттеу бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А47 |
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыс |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А48 |
Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А49 |
Семинарлар, шеберлік сыныптарын, конференциялар өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А50 |
Алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушылар курстарын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А51 |
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді қоймада сақтауды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
|
РБ |
02 |
1 |
208 |
003 |
000 |
А52 |
Медициналық техниканы жөндеу мен техникалық (сервистік) қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтер |
Сол сияқты |
Сол сияқты |
».
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |