Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:

06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» сыныбында:

1 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:

09 «Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, жергіліктік бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«09 Арнаулы мемлекеттік қорға және Инфрақұрылымдық даму қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, жергіліктік бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер»;

мынадай мазмұндағы 3 кіші сыныбымен толықтырылсын:

«3 Инфрақұрылымдық даму қорына түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер»;

мынадай мазмұндағы 01 және 02 ерекшеліктермен толықтырылсын:

«01 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттер

02 Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер»;

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

13 «Басқалар» функционалдық тобында:

9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:

217 «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

мынадай мазмұндағы 210 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

«210 Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын жұмсау»;

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:

2 «Күрделі шығындар» санатта:

4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:

460 «Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын жұмсау» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«460 Бюджеттен тыс қорлардың қаражатын жұмсау»;

мынадай мазмұндағы 462 ерекшелігімен толықтырылсын:

«462 Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын жұмсау»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

жол

«

460

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын жұмсау

»

мынадай редакцияда жазылсын:

«

460

Бюджеттен тыс қорлардың қаражатын жұмсау

»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

 

462

Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын жұмсау

Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын жұмсау

 

».

  1. «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2026 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Дата публикации
03 августа 2026