Жауап: Қағаз және электронды түрде – декларация тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
Жауап: Иә, қосу керек, бірақ тек Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы барлық банк салымдары үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000 еселенген сомасынан асатын салымдарды қосуым керек.
Жауап: Жоқ, активтер мен міндеттемелер декларациясына тек Қазақстаннан тыс жерде тіркелген жылжымайтын мүлік көрсетілу керек.
Жауап: Егер өткен жылы мемлекеттік қызметте кем дегенде бір күн жұмыс істеген болса, осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсырады. Кейінгі жылдары 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тек өз бетінше салық салынуға жататын кірістер алған жағдайда , оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кіріс алған болса, не Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген жылжымалы не жылжымайтын мүлік, активтер немесе банк шоттары болған жағдайда, немесе жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік пен активтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алған жағдайда , сондай-ақ дебиторлық не кредиторлық берешегі болған жағдайда ғана тапсырады.
Жауап: Иә, бола алады, бірақ тек ерекше жағдайларда ғана: егер мемлекеттік қызметші шетелдік мекемелерде жұмыс істеуге жіберілсе, шетелде іссапарда болса немесе оқыса, шетелде тағылымдамадан өтсе, шетелде емделіп жатса немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі не қамқоршысы ретінде шетелде болса.