««Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚМ м.а. 2026 жылғы 15 шілдедегі № 480 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

1 «Салықтық түсімдер» санатында:

04 «Меншiкке салынатын салықтар» сыныбында:

3 «Жер салығы» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 10-ерекшелікпен толықтырылсын:

«10 Алатау қаласы аумағының шегіндегі жер учаскелеріне қатысты – жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, бау-бақша, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысын жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан алынатын жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы»;

07 «Басқа да салықтар» сыныбында:

1 «Басқа да салықтар» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 11-ерекшелікпен толықтырылсын:

«11 Алатау қаласы әкімшілігінің бюджетіне есепке жатқызылатын басқа да салықтық түсімдер»; 

2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:

04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:

1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, бюджеттен тыс қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 85-ерекшелікпен толықтырылсын:

«85 Алатау қаласының әкімшілік пен Алатау қаласы әкімшіліктің органдары салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, әкімшілік актілердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары»;

06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» сыныбында:

1 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 21 және 22-ерекшеліктермен толықтырылсын:

«21 Алатау қаласы әкімшілігінің бюджетіне есепке жатқызылатын басқа да салықтық емес түсімдер

22 Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған жеке қаражат, жарналар және басқа да көздер»;

5 «Трансферттердің түсімдері» санатында:

02 «Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» сыныбында:

1 «Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 18-ерекшелікпен толықтырылсын:

«18 Республикалық бюджеттен Алатау қаласының бюджетіне түсетін түсімдер»;

2 «Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер» кіші сыныбында:

мынадай мазмұндағы 18-ерекшелікпен толықтырылсын:

«18 Жергілікті бюджеттен Алатау қаласының бюджетіне түсетін түсімдер».

  1. «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесінде:

көрсетілген Кестеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2026 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушы  

 

 

      

   Е. Біржанов

Дата публикации
16 июля 2026