«Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықта:
14-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді;
18 және 19-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы жоспарлы көрсеткіштерді алдын ала тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісе отырып, 2-нысан бойынша аудан (облыстық мәні бар қала) бюджеті бойынша мәлiметтердi жасайды және есептіден кейiнгi жылдың 15 наурызына дейiн оларды астананың (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
- Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган астана бюджетінен (облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетiнен) қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық мәліметтері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінiң мәлiметтерi негiзiнде астананың (облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қалалардың бюджетiнен) бюджетi бойынша 2-нысанды жасайды және есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiріне дейiн электронды түрде және қағаз тасығышта бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
Осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларды осы бұйрығына 1 және 2-қосымшаларында жаңа редакцияда жазылсын.
3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
|
|
М. Такиев
|