«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:

8-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы орыс тіліндегі мазмұнына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мазмұны өзгермейді;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік сұрау салумен бір мезгілде ұсынады.»;

21-тармақтың елу бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы жол бойынша жоспарланған кезеңнің тиісті жылы аяқталғаннан кейін он екі айдан астам уақыт ішінде өтеуге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары (EPC-F) бойынша шарттары бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер де көрсетіледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалардың орыс тіліндегі мазмұнына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі қосымшалардың мазмұны өзгермейді;

6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10-қосымшаның орыс тіліндегі мазмұнына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі қосымшаның мазмұны өзгермейді.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

 

 

 

М. Такиев

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы № бұйрығына 1-қосымша
Дата публикации
02 июля 2026