«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы;
2) жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік құқықтық негізі;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер туралы мәліметтерді;
5) жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін;
6) функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыруға жоспарланған шығыстар көлемдерінің немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қысқаша сипаттамасы.»;
7-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, іс-шаралары көрсетілмейтін мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаны қоспағанда, бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, олардың нәтижелері мен жоспарланатын шығыстар көлемдері көрсетілген іс-шаралар.»;
екінші бөлігі алынып тасталсын;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шығыстардың түрлері бойынша есептеулер жоспарлы кезеңнің әрбір жылына арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша іс-шаралар бөлінісінде осы Қағидаларға 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 21-1, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 45-1, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 59-1, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 67-1, 68, 69, 70, 71, 71-1, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 83-1, 84, 85, 85-1, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94 және 95-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды есептеулер олар болған кезде бекітілген заттай нормалар және штат санының лимиттері негізінде жасалады.»;
25-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«25. 111 «Еңбек ақы төлеу» ерекшелігі бойынша шығыстарды есептеулер осы Қағидаларға 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 21-1-нысандарға сәйкес 01-111, 02-111, 03-111, 04-111, 05-111, 06-111, 07-111, 08-111, 09-111, 10-111, 11-111, 12-111, 13-111, 14-111, 15-111, 16-111-нысандар бойынша жасалады.»;
он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«13-111-нысан әскери қызметшiлердің, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес жасалады.
19-қосымшаның 38-бағанында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы алатын құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің саны көрсетіледі, ал 19-қосымшаның 39-бағанында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы сомасы көрсетіледі. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақының жалпы сомасы № 646 ҚБПҮ Қаулысына сәйкес белгіленеді.»;
жиырма бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«20-қосымшаның 38-бағанында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы алатын әскери қызметшілердің саны көрсетіледі, ал 20-қосымшаның 39-бағанында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы сомасы көрсетіледі. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақының жалпы сомасы № 646 ҚБПҮ Қаулысына сәйкес белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы және жиырма жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«16-111-нысан әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 21-1-қосымшаға сәйкес жасалады.
21-1-қосымшаның 40-бағанында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы алатын әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілерінің саны көрсетіледі, ал 21-1-қосымшаның 41-бағанында қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы сомасы көрсетіледі. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақының жалпы сомасы № 646 ҚБПҮ Қаулысына сәйкес белгіленеді.»;
39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«01-144 нысан бойынша шығыстарды есептеу кезінде Кодекстің 70-бабына сәйкес бекітілетін қызметтік, кезекші және арнайы автомобильдер тиістілігінің заттай нормаларын және жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын олар болған кезде басшылыққа алған жөн.»;
41-тармақта:
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«02-149-нысан кеңсе керек-жарақтарын сатып алу бойынша шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 45-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзге қорларды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде есепке кеңсе керек-жарақтарын қоспағанда қорлардың әрбір түрі бойынша отандық маркетплейстерден бағалар туралы кемінде 3 (үш) ұсыныс қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«04-149-нысан шығыс материалдарын сатып алу бойынша шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 45-1-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. 01-153-нысан көлік қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 52-қосымшаға сәйкес жасалады. Алдағы жоспарлы кезеңге жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін көлікті жалға алу туралы соңғы жасалған шарттардың көшірмелері ұсынылады.
46-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«01-159-нысан ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды күтіп ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу бойынша шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес жасалады. Жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін қызметтерді көрсету, жұмыстар туралы соңғы жасалған шарттардың көшірмелері ұсынылады, шарттар болмаған жағдайда сатып алынатын көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша отандық маркетплейстерден бағалар туралы кемінде 3 (үш) ұсыныс, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы қаржы жылы үшін ағымдағы жөндеу бойынша ақаулы акт және сметалық құжаттама қоса беріледі. Ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыстардың тізбесін жасау кезінде ғимараттарды ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесі көзделген бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормаларын басшылыққа алған жөн.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. 03-159-нысан үй-жай үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 56-қосымшаға сәйкес жасалады. Жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ескере отырып, үй-жайлар мен ғимараттарды жалдау туралы соңғы жасалған шарттардың көшірмелері және (немесе) кемінде 3 (үш) баға ұсынысы ұсынылады. Жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері ағымдағы қаржы жылына арналған үй-жайлар мен ғимараттарды жалға алу туралы шарттарының көшірмелерін ұсынады. Шарттар болмаған жағдайда кемінде 3 (үш) прайс-парақтар не болатын елдің маркетплэйстерінен баға ұсыныстары қоса беріледі.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. 01-166-нысан мемлекеттік мекемелер саяси партиялардың қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 59-қосымшаға сәйкес жасалады.
02-166-нысанды мемлекеттік мекемелер сайлауға ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеу үшін толтырады және осы Қағидаларға 59-1-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
53-тармақта:
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарланатын шығыстар түрлері бойынша 133, 163, 164, 165, 322, 323, 531, 541, 621, 812, 813, 814 және 815 есептеулер осы Қағидаларға 67-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарланатын шығыстар түрлері бойынша 167, 332, 519, 521, 714 және 715 есептеулер ерікті нысанда жасалады.
Негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде есептеуге негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша отандық маркетплейстерден бағалар туралы кемінде 3 (үш) ұсыныс қоса беріледі.
Сонымен қатар, негізгі құралдарды сатып алуға арналған есептеулерге (410-кіші сынып бойынша) олардың нақты болуы туралы ақпаратты (сатып алу жылы мен тозу мерзімі көрсетіле отырып, теңгерімде есепте тұрған) және үш жылдық кезеңге арналған жоспарды ұсыну қажет.»;
он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«421, 423 және 435 ерекшеліктер бойынша міндетті түрде есептеу кезінде мемлекеттік мекемелер жобалау-сметалық құжаттамаға және жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) құнын негіздейтін құжаттарға мемлекеттік сараптаманың немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, ал қорларды сатып алуға арналған есептеуге ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік мекеменің теңгерімінде есепте тұрған қорлар қалдықтарының нақты болуы туралы ақпаратты және ағымдағы жылдың жоспарын ұсынады.»;
он жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өкілдік шығындарға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығымен бекітілген «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларының нормаларын және облыстың жергілікті атқарушы органдары бекіткен өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі мен өкілдік шығындардың нормаларын басшылыққа алған жөн.»;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«01-321-нысан 321 «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге төленетін тұрғын үй төлемдері» ерекшелігі бойынша шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 67-1-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
54-тармақтың төртінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде соңғы жасалған шарттардың көшiрмелерi қоса беріледі.»;
мынадай мамұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
«54-1. 01-371-нысан 371 «Білім беру гранты» ерекшелігі бойынша шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 71-1-қосымшаға сәйкес жасалады.»:
64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«64. 01-414-нысан есептеу және басқа жабдықтарды сатып алу бойынша шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 79-қосымшаға сәйкес жасалады. Есептеу жабдығын сатып алу қажеттілігі енгізілетін немесе көбейтілетін ақпараттық жобалардың талаптары мен мерзімдеріне не жабдықтың физикалық немесе моральдық тозу себептеріне, сондай-ақ бар болған жағдайда бекітілген заттай нормаларға негізделуі тиіс.
02-414-нысанды мемлекеттік органдардың кеңсе жиһазын сатып алуға арналған шығыстарын есептеу үшін мемлекеттік органдар жасайды және осы Қағидаларға 80-қосымшаға сәйкес жасалады.
Есептеуді жасау кезінде «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығына сәйкес кеңсе жиһазын сатып алуға арналған норматив және тозу нормалары қолданылады.
66-тармақтың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«312 «Мемлекеттік кәсіпорындар болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар» ерекшелігі бойынша шығыстарды есептеу кезінде 83-1-қосымша қолданылады.»;
68-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««жоспарлы кезең басталғанға дейін қаржыландыру» деген 4-бағанда жобаға бөлінген қаражат, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен;»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Бюджеттік сұранымның құрамына ағымдағы нысаналы трансферттерді және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттерді енгізген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өңірлер мен бағыттар бөлінісінде ағымдағы нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді бөлуді осы Қағидаларға 85 және 85-1-қосымшаларға сәйкес ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:
«73-1. 168 «Айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және басқа төлемдер» және 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшеліктері бойынша шығыстарды есептеу осы Қағидаларға 91-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
77-тармақта:
10) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған, іске асырылуы жоспарланып отырған инвестициялық жобалар туралы ақпарат;»;
19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы бюджеттік саясат жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын;»;
25) тармақшасы алынып тасталсын;
84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік сұранымдарын орталық уәкілетті органға ұсынады, бұдан әрі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік сұранымдарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету кезінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Қағидаларға 93, 94 және 95-қосымшаларға сәйкес жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады, одан әрі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде есеп-қисаптарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бұл ретте, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын қайта қарастыру кезінде жалпы сома азайған жағдайда түсіндірме жазба ғана ұсынылады, ал қосымша қаражат бөлінген жағдайда осы Қағидалармен көзделген есеп-қисаптардың нысандары ұсынылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының отырысынан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға түпкілікті бюджеттік сұранымдарды және бюджеттік бағдарлама паспорттарымен бірге есеп-қисаптардың нысандарын ұсынады.
Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті түзету кезінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Қағидаларға 93, 94 және 95-қосымшаларға сәйкес жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады, одан әрі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде есеп-қисаптарды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бұл ретте, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатын қайта қарастыру кезінде жалпы сома азайған жағдайда түсіндірме жазба ғана ұсынылады, ал қосымша қаражат бөлінген жағдайда осы Қағидалармен көзделген есеп-қисаптардың нысандары ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджет комиссиясының отырысынан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түпкілікті бюджеттік сұранымдарды және бюджеттік бағдарлама паспорттарымен бірге есеп-қисаптардың нысандарын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 85-1-тармақпен толықтырылсын:
«85-1. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетті нақтылау және (немесе) түзету кезінде осы Қағидалармен белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдары қабылданбайды.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Бюджетті нақтылау кезінде, бюджетті түзетуге байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды біріктіру, бөлу, қысқарту (ұлғайту), беру кезінде бюджет қаражаты жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жағдайда, мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, қаржыландыру көлемі өзгере отырып, функциялары мен штат санының лимиттері өзгерген жағдайларда бюджеттік сұранымды әзірлеу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«95. Бюджеттік бағдарламалардың парспорттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпей мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімінсіз немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісуі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерімен, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерімен көзделген жағдайларда өзгерістер енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың паспортына қол қойылған өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен жібереді.»;
осы қағидаларға 1-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қағидаларға 5-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 18, 19 және 20-қосымшалар осы бұйрыққа 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 21-1-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 22 және 23-қосымшалар осы бұйрыққа 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 45-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 45-1-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 51-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 53-қосымша осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 55-қосымша осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 58 және 59-қосымшалар осы бұйрыққа 16 және 17-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 59-1-қосымша осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 61-қосымша осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 67-1-қосымша осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 71-1-қосымша осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 77, 78 және 79-қосымшалар осы бұйрыққа 22, 23 және 24-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 81-қосымша осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 83-1-қосымша осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 84-қосымша осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 85-1-қосымша осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 90 және 91-қосымшалар осы бұйрыққа 29 және 30-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 31, 32 және 33-қосымшаларға сәйкес 93, 94 және 95-қосымшалармен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев