«Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы   2 қазандағы № 560 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы  

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

         «Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бекіту туралы»;

         кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 42-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:  

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және пайдалану тәртібі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі бекітілсін.»;

Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібінде:

жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 2 қазандағы

№ 560  бұйрығына 1-қосымша»;

4 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) «Бәйтерек» – біртұтас халықтың даналығын, беріктігін және жетістігін білдіретін нышандардың бірі болып табылады.

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                           

 

 

М. Такиев

 

бұйрық
Дата публикации
01 июля 2026