Кедендік әкімшілендіру бойынша сұрақтар мен жауаптар

               

Кеден әкімшілігі бойынша сұрақтар мен жауаптар

 

№

Жиі қойылатын сұрақ

Толық жауап

1

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері мен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қандай тауарлар бойынша неғұрлым төмен қолданылады, олардың мөлшері қандай?

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданатын тауарлардың Тізбесі және осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшері бекітілді.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелу мен айналысқа шығарудың кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының 1-тармағына сәйкес (2015 жылғы 16 қазан, Бурабай қ.) баждардың төмендетілген мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тауарларды әкелу және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы жұмыс тобы Баяндамасының 307-параграфында көзделген шарттарды ескере отырып қолданылады.

2

Кеден органдары тауарлардың кедендік құнын растау үшін қандай құжаттарды сұрата алады?

Құжаттар тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 8-тармағында келтірілген

3

Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі

ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу» Кодексінің 40-бабына сәйскес декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады.

Кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кеден органы олардың дұрыс жіктелмегенін анықтаған жағдайларда, тауарларды жіктеуді жүзеге асырады. Бұл жағдайда кеден органы тауарларды жіктеу туралы шешім қабылдайды, ол орындау үшін міндетті болып табылады.

 

4

Тауардың кодын қалай анықтау керек

Кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады.

5

ҚР ҚМ МКК валюталық бақылау функцияларын беру бөлігінде валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?

1) ҚР ҚМ МКК валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияны беру бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №78 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы №1054 бұйрығына, сондай-ақ «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР ҚМ МКК валюталық бақылау функцияларын беру және оның құзыреттері, оның ішінде тексерулерді жүзеге асыру бойынша;

3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі валюталық кірісті репатриациялау бөлігінде валюталық заңнаманы бұзғаны үшін адамдарды тарту жөніндегі функцияны беру бөлігінде;

4) "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығы;

5) экспорттық-импорттық операциялар бойынша валютаны репатриациялау мониторингін жүзеге асыру функцияларын беру бөлігінде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысы.

 

6

Қандай жағдайларда есептік нөмір беру талап етілмейді?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысына және "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес есептік нөмір беру талап етілмейтін негізгі 6 тармақ бар:

1) Ұлттық банк немесе уәкілетті банк қолма-қол ақшаны Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізген кезде;

2) Ұлттық банк немесе уәкілетті банк шетелдік банктердегі өзінің металл шоттарына орналастыру үшін бағалы металдарды әкеткен кезде;

3) Ұлттық банк немесе уәкілетті банк Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдарды әкелген кезде;

4) төлем Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары немесе Қазақстан Республикасының кепілдігімен қамтамасыз етілген сыртқы қарыздар есебінен жүргізілетін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар;

5) мемлекеттік органдардың бөлімшелері (ведомстволары) арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары жасаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар;

6) уәкілетті банк және резидент-өзге де қаржы ұйымдарының қызмет көрсетуді көздейтін бейрезиденттермен жасасқан экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар.

7

Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі салыстырып тексеру жүргізгеннен және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу белгілерінің болу фактісі анықталғаннан кейін экспорттаушыдан немесе импорттаушыдан қандай құжаттарды сұратады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысына және "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес аумақтық бөлімше тарапынан сұратылатын негізгі құжаттар:

1) экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша бейрезиденттің міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз етпеу себептері туралы жазбаша түсініктемелер (олар болған кезде), экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін уақтылы өтініш бермеу;

2) бейнерезиденттердің экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттар.

Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі сұратқан ақпаратты және (немесе) құжаттарды (олардың көшірмелерін) экспортер немесе импортер жазбаша сұрау салуда белгіленген мерзімдерде, бірақ экспортер немесе импортер жазбаша сұрау салуды алған күннен кейінгі күннен кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

8

ҚР ҚМ МКК құзыретіне қандай әкімшілік құқық бұзушылықтар жатады?

2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 244,251-баптарында көзделген бөлігінде мынадай әкімшілік шаралар көзделген, атап айтқанда:

- ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау;

- экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алу тәртібін бұзу;

- есепке алу нөмірі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша ақпарат, құжаттар мен есептерді беру тәртібін бұзу.

9

Валюталық бақылау құжаттарына не жатады?

"Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -  Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес  экспорттаушы немесе импорттаушы, уәкілетті банк (оның филиалы), Ұлттық банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшелері) немесе репатриаци талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен келіп түсетін валюталық бақылаудың өзге де органдары ұсынатын ақпараттар  және (немесе) валюталық шарт бойынша құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, көрсетілген қызметтердің актілері, шот-фактуралар, іс жүзінде берілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін инвойстар, тауарларға арналған декларациялар, жанама салықтарды төлеу немесе қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босату туралы растамасы бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, жанама салықтарды төлеу (босату не төлеудің өзге тәртібі) фактісін растау туралы хабарламалар, шетелдік банкте ашылған шот бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың талаптарына сәйкес салыстыру актілері валюталық бақылау құжаттары болып табылады.

10

ЕАЭО елдерінде автокөлік құралдарының кедендік тазартудан өткенін Қазақстан Республикасында көлік құралы электрондық паспортына (бұдан әрі - КҚЭП) алу үшін қалай растауға болады?

Аталған мәселе ҚР ӨҚМ ақпараттық жүйелерін ЕАЭО елдерінің  уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерімен  интеграциялау аяқталғаннан кейін  шешіледі.

11

Қазақстан Республикасындағы импорт және экспорт статистикасы бойынша деректер қандай?

 

Қазақстан Республикасының барлық тауарлар бойынша (ЕАЭО елдерін қоспағанда) тауарлардың шығарылған және межелі елдерді көрсете отырып және салалар бөлінісіндегі импорт және экспорт бойынша статистикалық деректер kgd.gov.kz порталында орналастырылған.

 

12

Декларация берілгенге дейін шығарылған тауарлар бойынша декларацияны тапсыру мерзімі қандай?

 «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабының 4-тармағына сәйкес шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-сі күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

 

 

 

13

Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімінің ең ұзақ мерзімі қандай?

 

 1. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.

      2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.

 

 

14

Тауарлардың кеден қоймасы кедендік рәсімінде болудың максималды мерзімі қандай?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек.

      Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

      Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.

       Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

15

Тауарларға арналған декларацияны тауар уақытша сақтау қоймасында орналастырылмаған мемлекеттік кірістер органына беруге бола ма?

 

Тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту кезінде декларант немесе кеден өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды не Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаған жағдайларды қоспағанда, қызмет аймағында кедендік бақылаудағы тауарлар орналасқан көрсетілетін қызметті берушіге тауарларға арналған декларацияны оның нысанына қарамастан береді.

 

 

16

Декларант алдын ала кедендік декларациялау кезінде жетіспейтін,мәлімделмеген мәліметтерді қандай мерзімде ұсынылуы тиіс?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 185-бабы 7-тармағына сәйкес еден органы, егер кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде:

      1) тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылмаса;

      2) су кемелерімен тасымаланатын тауарларға қатысты кеден органы осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат бермесе;

      3) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы хабардар етілмесе;

      4) кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтер ұсынылмаған не кеден органы осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етілмесе, тауарларды шығарудан бас тартады.

17

Неге қазір ҚР аумағынан жүк автокөлігімен (жүкпен, тауармен немесе бос күйінде) шығу кезінде автомобиль өткізу бекеттері арқылы өту үшін электрондық кезек жүйесі арқылы брондау міндетті болып отыр, ал жай ғана келуге болмайды?

 

 

GarGoRuqsat электрондық кезек жүйе тасымалдаушыларға мемлекеттік шекарадан өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік береді, құжаттарды тексеру процесін автоматтандырады, шекаралық рәсімдерден жедел әрі ашық өтуге жағдай жасайды және жүк автокөліктерінің жиналып қалу қаупін болдырмайды. 

Бұрын мемлекеттік шекараны кесіп өту «тірі кезек» қағидаты бойынша жүзеге асырылып, бұл автокөлік құралдарының шамадан тыс шоғырлануына, қозғалыстың болжамсыздығына, өткізу пункттерінің біркелкі жүктелмеуіне және кірме жолдарда кептелістердің туындауына алып келді.

CarGoRuqsat жүйесі арқылы міндетті брондау енгізілуі көлік құралдары ағынын реттелетін әрі болжамды жүйеге көшіруді қамтамасыз етті.

CarGoRuqsat жүйесі арқылы брондаудың міндеттілігі көлік ағындарын басқарылатын түрде бөлу қажеттілігімен, өткізу пункттерінің өткізу қабілетіне сәйкестігін қамтамасыз етумен, кезектіліктің бейресми тетіктерін болдырмаумен, сондай-ақ мемлекеттік шекараны кесіп өту процесіне алдын ала бақылау мен цифрлық мониторинг жүргізумен негізделеді.

18

Егер мен электрондық кезек жүйесінде брондаған уақытымда келмей қалсам немесе мүлде келмесем не болады? ақша қайтарыла ма?

«Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығың 28-тармағына сәйкес, өткізу қызметін орындау пайдаланушының кінәсінен мүмкін болмаған жағдайда (көлік құралын күту аймағына кіру күні мен уақытын брондалғаннан кейін пайдаланушының өткізу қызметінен бас тартуы, ЭКЖ-де көлік құралы брондарының күшін жоюы немесе болдырмауы, сондай-ақ ЭКЖ-де белгіленген шығу уақытына сәйкес көлік құралының күту аймағынан уақтылы шықпауы және/немесе көлік құралының күту аймағынан өткізу пунктіне уақтылы келмеуі), өткізу қызметі толық көлемде төленуге жатады, ал пайдаланушы төлеген ақшалай қаражат қайтарылмайды.

Қағидаларда ЭКЖ-де бұрын брондалған кезекті Мемлекеттік шекараны кесіп өту күні мен уақытының басқа уақытына 1 (бір) рет көшіруге, автокөлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қайта төлем жасамай мүмкіндік берілген.

Сонымен қатар, 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде бір рет көлік құралының брондалған күн мен уақытқа сәйкес өткізу пунктіне келмеуі немесе көрсетілген кезеңде бір рет брондаудың күшін жоюы жағдайында кепілдік қамтамасыз етуді (жарнаны) толық көлемде бұғаттан шығаруына жол беріледі.

 

19

Егер бұрын шекарадан өту тегін болса, электрондық кезек қызметі неге ақылы?

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 8-1-тармағына сәйкес, автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек арқылы өтуі үшін төлем мөлшерлері бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен монополияға қарсы органмен келісу бойынша айқындалады.

Жүк автокөлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін төлем мөлшерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек арқылы өтуі үшін төлем мөлшерлерін айқындау туралы» бұйрығымен реттеледі.

20

Автомобиль өткізу пункті арқылы шекарадан өту үшін брондау кезінде электрондық кезек жүйесі қандай деректерді тексереді және бұл не үшін қажет?

 

 

Қағидалардың 18-тармағына сәйкес ЭКЖ:

1) ЭКЖ-ның "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ЭКЖ пайдаланушының есепке алу жазбасының болуын;

 2) ЭКЖ-ның "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тиісті сәйкестендіру нөмірі (VIN) бар көлік құралын мемлекеттік тіркеудің болуы;

3) ЭКЖ-ның "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралына тиісті санаты бар жүргізуші куәліктері бойынша мәліметтердің болуын; 4) ЭКЖ-ның ішкі істер ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралын іздестіру туралы мәліметтердің болмауын;

 5) ЭКЖ-ның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жүргізушіні іздестіру туралы мәліметтердің болмауын;

 6) ЭКЖ-ның ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы техниканы тіркеудің болуын;

7) ЭКЖ-ның "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасымен және (немесе) көліктік бақылау органдарының көліктік деректер базасы ақпараттық-талдау және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаттың (рұқсаттардың) болуын;

 8) сақтанушыны, сақтандырылушыны (жүргізушіні), пайда алушыны көрсете отырып, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының (шарттарының), осындай шарттың қолданылу мерзімінің, көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру нөмірінің (VIN) және ЭКЖ-ның Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы Мемшекарада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да деректердің болуын;

9) ЭКЖ-ның салық төлеушінің кабинетімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы бюджетке төленетін міндетті төлемдер, оның ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық берешегінің болмауын; 10) автомобиль көлік құралдарының иелері мен ЭКЖ пайдаланушыларында айыппұл және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы уақытылы орындалмаған қаулылардың "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" деректер базасымен ЭКЖ ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы болмауын;

11) ЭКЖ-ның "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесінің "Цифрлық құжаттар" сервисімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы цифрлық құжаттардың, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың, жүргізуші куәлігінің, көлік құралын иеленудің болуын;

 12) ЭКЖ-ның жеке басты биометриялық сәйкестендірудің ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жеке басты биометриялық сәйкестендірудің сәйкестігін;

 13) ЭКЖ-ның "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесінің "Мобильді азаматтар базасы" компонентімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы "Мобильді азаматтар базасында" тіркелген мәліметтердің жеке тұлғаның телефон нөмірімен сәйкестігін;

 14) ЭКЖ-ның Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру туралы мәліметтердің болуын;

 15) ЭКЖ-ның "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы ветеринариялық және/немесе фитосанитариялық сертификаттар туралы мәліметтердің болуын;

16) ЭКЖ-ның "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тауарлар мен көлік құралдарына арналған кедендік декларациялардың және әкетілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы деректердің (экспорттың, кедендік транзиттің, кері экспорттың, уақытша әкелудің кедендік рәсімдеріне және тауарлар мен көлік құралдарын әкету немесе жеткізу мерзімін көздейтін басқа да кедендік рәсімдерге орналастырылған) болуын;

17) ЭКЖ-ның Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) операторларының деректерімен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы Қазақстан Республикасының ақылы жолдары бойынша берешектің болмауын;

17-1) пайдаланушының Мемшекара арқылы автомобиль көлік құралдарын өткізу бойынша ЭКЖ-да броньды пайдаланғаны үшін есепке алу жазбасына (дербес шотына) кепілдік қамтамасыз ету (жарна) сомасын бұғаттау;

 17-2) автомобиль көлік құралдарының Мемшекара арқылы кесіп өткені туралы мәліметтердің болуы ЭКЖ-нің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі;

 18) ЭКЖ-ның "Автомобиль көлігі туралы" және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған, көлік құралының жүріп-тұруы және өлшенуі туралы мәліметтердің, оның ішінде Мемшекарадағы өткізу пунктінде ЭКЖ-ның зияткерлік көлік жүйесімен және республикалық, жергілікті және қалалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп-тұруын тіркеудің басқа да жүйелерімен, автоматтандырылған өлшеу станциясымен және автомобиль көлік құралдарын өлшеу станциясымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы болуын автоматты түрде салыстыруды жүзеге асырады.

21

Шет мемлекеттердің аумағы бойынша көлік құралдарына жол жүруге рұқсаттардың шетелдік бланкілерін алу

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1 - бабының 27) тармақшасына, 19-1-бабының 3-тармағына және 19-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі уәкілетті орган болып табылады және автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде-салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсат беру «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен (бұдан әрі – қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың 1-параграфына сәйкес шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын (бұдан әрі - ШРҮ) айқындауды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі-ҚР КМ АҚжКБК) жүзеге асырады.
Қағидалардың 17-тармағына сәйкес ШРҮ-ні ресімдеуді және отандық тасымалдаушыларға беруді ҚР КМ АҚжКБК аумақтық органдары «электрондық үкіметтің» веб-порталы -ELicense.kz. арқылы жүзеге асырады.

22

Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты беру

ҚР аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) 4-тармағында (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 ж. №206 бұйрығымен бекітілген) автомобиль жолдары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкттерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралымен (бұдан әрі - АКҚ) тасымалдауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі.
    Сонымен қатар, Қағидалардың 28-тармағына сәйкес «Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушының «электрондық үкімет» веб-порталына беруі арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары көрсетеді.

 

23

10 мың АҚШ долларынан асатын мөлшердегі қолма-қол ақшаны декларациялаудың рәсімі қандай?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО-ның кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Бұл ретте жеке тұлғаның қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін жалпы сомасы 10 000 (он мың) АҚШ долларына тең немесе баламасынан аспайтын бір уақытта әкетуі жеке тұлғаның қалауы бойынша жазбаша нысанда декларациялануы мүмкін.

Сонымен бірге, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 551-бабының 3-тармағына сәйкес, Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражатын және ақша құралдарын декларацияламауы не анық емес декларациялауы декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының 25% мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 14.03.2022 жылғы №830 Жарлығымен (бұдан әрі – Жарлық):

- қолма-қол шетел валютасының және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарының 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомада және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары, сондай-ақ 100 грамнан жоғары тазартылған алтын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынды.

Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, ықтимал құқықтық салдарларды болдырмау үшін осы ақпаратты ескеріп, белгіленген талаптарды қатаң сақтауды ұсынамыз.

 

24

Қандай жағдайларда жеке тұлға тауарларды шетелден әкелген кезде олар жеке пайдалануға арналған тауарлар болып танылады?

Жеке пайдалануға арналған тауарларды еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-тарауында айқындалған.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың өлшемшарттарына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 31.03.2015 ж. № 250 бұйрығы) сәйкес, егер:

1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

      ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

      планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

      зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

      велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

      бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

      2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

Сондай-ақ, кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

Кедендік баждарды, салықтарды төлемей, жеке пайдалануға арналған тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне сәйкес құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде әкелінеді.

25

Жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарларды бажсыз әкелудің нормалары (құндық, салмақтық) қандай?

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік ресімдеу кезінде «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімін (бұдан әрі – Шешім) басшылыққа алу қажет.

Шешімде құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар айқындалған, олардың шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінеді (1-қосымша).

Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары, сондай-ақ кедендік баждар төленуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттары, жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын салықтар Шешімнің №2-қосымшасында көрсетілген.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асып кеткен жағдайда талап етіледі, оның шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына әкелінеді.

Егер көрсетілген нормалар кедендік баждарды төлеуден аспаса, салықтар талап етілмейді.

26

Автомобиль көлігімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты алдын ала ақпаратты қандай мерзімде ұсынады?

Алдын ала ақпарат Одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелгенге дейін, кеден органы тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге дейін 2 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.

27

Кедендік транзит кедендік рәсімі қандай тасымалдауларда қолданылады?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 222-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды:

1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;

2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;

3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;

4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдары арасында тасымалдау (тасу) кезінде қолданылады.

28

Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары не  болып табылады?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 223-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

      1) шетелдік тауарларға қатысты – осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;

      2) шетелдік тауарларға қатысты – Комиссия айқындайтын жағдайларда осы Кодекстің 226-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;

      3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      4) егер тауарлар көлік құралының кедендік пломбалар салынған және мөр басылған жүкжайларында (бөлікжайларында) тасымалданатын болса, халықаралық тасымалдау көлік құралының осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;

      5) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.

29

Кедендік алып жүруді қандай мерзімде кеден органы ұйымдастырады?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 429-бабына сәйкес:

1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында кедендік алып жүруді қолданады.

 2. Кедендік алып жүру кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын алып жүруді білдіреді.

 3. Кедендік алып жүруді кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

 4. Кеден органдары кедендік алып жүруді:

      1) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар мынадай жағдайларда:

      осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не мұндай міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабына сәйкес айқындалған мөлшерден кем мөлшерде ұсынылған;

      тасымалдаушы, егер әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген қаулылардың кемінде біреуі орындалмаса, көрсетілген қаулыларда белгілі болған, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндеттерді бірнеше рет орындамаған;

      тасымалдаушы осы Кодекстің 233-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті белгіленген мерзімде орындамаған;

      Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау белгілері анықталған кездегі өзге де жағдайларда тасымалданған кезде;

      2) осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудағы шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болғанда осындай тауарларды тасымалдау кезінде қолдануға құқылы.

      5. Егер бірінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болса, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасы бесінші абзацының ережелері қолданылмайды.

      6. Кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы тасымалдаушыға мұндай шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және мұндай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей кедендік алып жүруді ұйымдастырады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ғана көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан көп мемлекеттің аумақтары арқылы көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.

      9. Осы баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын қолданудың мақсаты үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту және оларды орындау жөнінде заңды күшіне енген қаулылартуралы ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

 

30

Кедендік транзиттің шекті мерзімі қандай?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 224-бабына сәйкес:

      1. Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.

      2. Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.

      Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.

      3. Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс.

      4. Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуы мүмкін.

      Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

31

Кеден органы қандай мерзімде кедендік транзит кедендік рәсімінің әрекетін аяқтайды?

Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы бойынша:

     1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.

      2. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орнында тауарлар кедендік бақылау аймағына, оның ішінде тауарлар өздері жеткізілген көлік құралынан түсірілмей орналастырылады.

      Тауарлар кедендік бақылау аймағына тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.

      3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың тасымалдаушысы не декларанты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар басқа да құжаттарды:

      1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – олар тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап үш сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген жағдайда – осы кеден органының жұмысы басталған уақыттан бастап үш сағат ішінде;

      2) су, әуе немесе теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      4. Тасымалдаушы атынан осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттерді, осындай тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғалар жасауы мүмкін.

      5. Кеден органының талап етуі бойынша тасымалдаушы тауарларды көрсетуге міндетті.

      6. Межелі кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.

      7. Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды беруді тіркеген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей, ал егер мұндай құжаттарды беру кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз қалғанда тіркелсе – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағат ішінде аяқтайды.

      8. Кеден органы кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мерзімі межелі кеден органы басшысының, межелі кеден органы басшысының ол уәкілеттік берген орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік жете тексеруді жүргізу үшін қажетті уақытқа, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың берілуін тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.

      9. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық құжат қалыптастыру арқылы не транзиттік декларацияға немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланатын өзге де құжаттарға тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.

      10. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау, оның ішінде тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне қарай жасау тәртібін Комиссия айқындайды.

      11. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен, тауарларды шығарумен аяқталатын жағдайларды, сондай-ақ мұндай жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау, оның ішінде көлік түріне қарай жасау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      12. Осы Кодекстің 225-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ егер тауарлар межелі кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілген болса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы бапта белгіленген тәртіппен аяқталады.

      13 Егер тауарларды жеткізу орнына тауарлар толық немесе ішінара жеткізілмесе және осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайларда кедендік рәсімнің қолданысы аяқталмаса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады.

Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін, кедендік транзит кедендік рәсімі тоқтатылуға жататын мерзімдерді, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуын ресімдеу тәртібін Комиссия айқындайды.

      14. Екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 539-бабында белгіленген ерекшеліктермен аяқталады.

32

Қандай құжаттар транзиттік декларация ретінде қолданылуы мүмкін?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекстің 388-бабының 2-тармағында және 389-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.

      Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде мұндай құжаттарда осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуға тиіс.

     Егер транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көрсетілген құжаттарда осы баптың 1-тармағында көзделген барлық мәліметтер қамтылмаса, жетіспейтін мәліметтер осындай транзиттік декларацияға қоса берілетін не кеден органына ұсынылатын онымен бірге жүретін құжаттарда қамтылуға тиіс.

33

Уақытша сақтау қоймаларын (бұдан әрі - УСҚ) қалай ашуға болады?

Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары:

1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:

 тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, уақытша сақтау қоймасының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) уақытша сақтау қоймасының аумағына кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың уақытша сақтау қоймасының аумағына және (немесе) үй-жайларға кіруін және уақытша сақтау қоймасының аумағынан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;

қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;

орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;

техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;

аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;

табиғи жолмен шыққан ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;

 2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;

3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;

4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;

5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.

6) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.

Егер уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс.

Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.

Қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

Қосымша талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен бекітілген.

Уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар:

 тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;

 осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.

Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады.

Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:

    1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

    2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;

      3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы;

      4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;

      5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);

      6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;

     7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өндіріске жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы кедендік тексеру актісін жасайды.

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті тоқтата тұру шарттары, тізілімнен шығару, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 505, 506 және 507-баптарында белгіленген.

Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.

34

Кеден қоймасын (бұдан әрі - КҚ) қалай ашуға болады?

Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:

1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:

- ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;

- орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;

- техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

- электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;

Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде:

-табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;

-аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;

-жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;

2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;

3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;

4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;

5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;

6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.

     Егер кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.

      Қосымша талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен белгіленген.

        Осылайша, ашық және жабық типті кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар:

 тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;

 осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.

Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады.

Қатты төсемі болуы керек деген талаптар еркін қоймалардың аумағына таратылмайды.

Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:

1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

 2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;

3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы;

4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;

5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);

6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;

7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

      Ашық типті кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, кеден қоймасының иесі уақытша сақтау қоймасына техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуын, электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуын қамтамасыз етеді.

         Ашық немесе жабық типтегі кеден қоймаларының айырмашылығы мынадай:

     1. Кеден қоймалары, егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, ашық типтегі қоймалар болып табылады.

Кеден қоймалары, егер олар осы кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналса, жабық типтегі қоймалар болып табылады.

 Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмей, тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.

       2. Ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы.

       3. Ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы.

      Кеден қоймасының қызметі лицензияланбайды.

      Кеден қоймасын ашу үшін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.

        Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өндіріске жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы кедендік тексеру актісін жасайды.

Қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні күн ішінде қарайды.

        2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

         Қызметті тоқтата тұру шарттары, тізілімнен шығару, сондай-ақ кеден қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 512, 513 және 514-баптарында белгіленген.

       Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында кеден қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.

35

Еркін қойманы (бұдан әрі - ЕҚ) қалай ашуға болады?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 516-бабына сәйкес күзетілетін не жеке тұлғалардың кіруін бақылау режимі бар және солардың шегінде осы Кодекске сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін ғимараттар (ғимараттардың бөліктері), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі осы тарауда – құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар) еркін қоймалар болып табылады.

 Еркін қойма заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.

Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары Кодекстің 517-бабы айқындалған.

Осылайша еркін қойманың иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:

1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:

- еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ заңды тұлғаның еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішінде көрсетілген мақсатқа сәйкес тауарларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін жабдықталған және жайластырылған болуға тиіс;

- жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бөгде адамдардың кіруін болғызбауды қамтамасыз ететін бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;

- тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі;

- электр жарығымен жарақтандырылған және кеден органдарының бағдарламалық өнімдерімен үйлесетін тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, жете тексеру пункттерінде орналасқан тауарларды жете тексеру үшін орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;

- орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;

2) кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;

3) уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін, кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;

4) аумақтық кеден органдарына өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген және орындалмаған қаулының болмауы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылықтарына алып келген себептердің жойылмау фактілерінің болмауы;

5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;

6) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.

 Егер еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.

Жайластыру және жарақтандыру бойынша талаптар «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен айқындалған.

Осы шарттардың сақталуын тесеру үшін аумақтық кеден органының лауазымды адамы Кодекстің 415-бабының  3-тармағына сәйкес өтініш берушінің мәлімдеген қоймасының үй-жайлар мен аумағына кедендік қарап-тексеру жүргізеді және үй-жайлар мен аумақты кедендік қарап-тексерудің тиісті актісін ресімдейді.

Тізілімге енгізілгеннен кейін кеден заңнамасы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды Кодекстің 30-тарауында белгіленген еркін қойма кедендік рәсімін қолдану шарттары сақталған кезде өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілерін және қосалқы инфрақұрылымды еркін қойманың аумағында салу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz)арқылы жүзеге асырылады.

Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.

 

36

 

Бажсыз сауда дүкендері (бұдан әрі – БСД) қалай ашуға болады?

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 524-бабына сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:

      1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:

 

      сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;

 

      бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;

      3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;

      4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;

      5) тауарларды осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.

      7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.

      Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс.

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Техниқалық қолдаудың мекенжайы https://t.me/kedenkgdgovkz.

37

Шартты түрде шығарылған тауарлар қашан Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады?

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 9-тармағына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар:

      1) 202-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады. Бұл ретте 202-баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты осындай тауарлар олардың мақсатты пайдаланылуы тоқтатылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.

 

      2) 202-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы расталғаннан;

 

      3) 202-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан және (немесе) оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде не, егер кедендік әкелу баждарын осындай мөлшерде төлеу Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес көзделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде өндіріп алғаннан не Кодекстің 216-бабының 6-тармағында көзделген өзге де мән-жайлардың басталуына байланысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.

 

38

Автокөлік құралдарын (бұдан әрі – АКҚ) әкелу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау үшін қандай құжаттар қажет?

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 8-бабына сәйкес тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентіне сәйкес жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары кедендік декларацияны беру кезінде осы nехникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жатады.

Осылайша, импортталатын көлік құралдары мен олардың құрамдауыштары КО ТР 018/2011 сәйкес болған кезде нарықта айналымға жіберіледі, сондай-ақ айналымға шығарылған кезде:

- көлік құралдары үшін мақұлдау типі нысанында жүргізілген сәйкестігін бағалау көлік құралының типін мақұлдау;

- шасси үшін-шасси түрін мақұлдау;

- жеке көлік құралдары үшін-көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;

-көлік құралдарының құрамдауышы үшін-сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар болып табылады.

Сәйкестікті бағалау туралы жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруді сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) тиісті салада аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде аккредиттелген органдарды бақылауды Қазақстан Республикасы Сауда интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асырады, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік беру мәселесі бойынша осы мемлекеттік орган жүгінеді деп санаймыз.

39

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына ЕАЭО кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелудің тәртібі қандай?

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабына сәйкес тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына ЕАЭО кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелу тәртібі одақтың (бұдан әрі – Тәртіп) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген.

Өз кезегінде, Тәртіптің 5-тармағына сәйкес техникалық реттеу шараларының сақталуы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімді ішкі тұтыну үшін шығарудың, еркін кедендік аймақ, мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімдеріне, арнайы кедендік рәсімге орналастыру кезінде расталады.

40

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қандай тауарларға қабылдайды?

Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте қорғалатын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі.

41

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне қандай зияткерлік меншік объектілерінің түрлерін енгізуге болады?

 

 

Уәкілетті орган авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын  кедендік тізілімге енгізуді құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуі мүмкін зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары жатады.

 

42

 

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру қалай жүзеге асырылады?

 

Қазақстан Республикасында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар (Заңның 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы).

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен (бұдан әрі – Бақылау тізімі) бекітілген.

Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.

Бақылау тізімінің 4-тармағында белгілі бір өнімді қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу жөніндегі шешім аталған тізімнің бақылауға алынған өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - Өнеркәсіп министрлігі) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиар орган болып табылады.

Бақылау тізіміне сәйкес біржақты сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шетелдік тұлғалар өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды алу үшін Өнеркәсіп министрлігіне жүгіне алады.

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оған құжаттар тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 бұйрығымен регламенттеледі.

 

 

 

 

сұрақтар мен жауаптар
Дата публикации
22 июня 2026