Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2023–2027 жылдарға арналған даму жоспарын (бұдан әрі – Министрліктің даму жоспары) іске асыру шеңберінде бюджетті атқару, салық және кеден саясаты, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік активтерді басқару, сондай-ақ бизнес-процестерді цифрландыру салаларындағы нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 22 нәтиже көрсеткіші орындалды және Министрліктің даму жоспарының 30 іс-шарасы жүзеге асырылды.
Министрліктің даму жоспарын іске асыру туралы есеп Министрліктің ресми интернет-ресурсында 2026 жылғы 27 ақпанда жарияланды, келесі сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/975843?lang=ru