«Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 233 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 365 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев