Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ХҚЕС қорымен келісімге сәйкес ХҚЕС мәтіндерін ағылшын тілінен мемлекеттік тілге аударуға рұқсаты бар.
ХҚЕС аудармасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – МСА туралы Заң) сәйкес жүзеге асырылатынын ескере отырып, ХҚЕС өзекті аудармаларының болмауы тәуекелдері бар.
Осылайша, ХҚЕС аудармасы бойынша мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес өтпеді деп танылған немесе көрсетілетін қызметті беруші шарт талаптарын бұзған және ол тоқтатылған жағдайлар болуы мүмкін.
Сонымен бірге, ХҚЕС-тың ағымдағы мәтіндері электронды түрде ХҚЕС қорының ресми сайтында https://www.ifrs.org/issued-standards/list-of-standards/ сілтемесі бойынша орналастырылған.
Бұл стандарттарды орыс тілінде және/немесе мемлекеттік тілде шолғыштың аудармашысы (Google Chrome) арқылы немесе сайтты қарау тілін таңдау арқылы қарауға болады.