Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің цифрлық трансформациясы - бұл деректерге, цифрлық технологияларға және зияткерлік талдауға негізделген мемлекеттік қаржыны басқарудың заманауи жүйесін құру жөніндегі кешенді жұмыс. Іске асырылып жатқан жобалар бюджеттік процестердің ашықтығын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әкімшілендіру сапасын және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Цифрландыру Министрліктің қызметінің негізгі салаларын, соның ішінде мемлекеттік сатып алуды, салықтық және кедендік әкімшілендіруды, бюджеттік және стратегиялық жоспарлауды, қаржылық бақылауды, мемлекеттік мүлікті басқаруды, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды.