
1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген, экономист. «Қаржы академиясы» АҚ-да білім алды, экономика және бизнес магистрі.
2000 – 2001 жж. – Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімі аппаратының маманы.
2001 – 2007 жж. – Қызылорда облысының Сырдария аудандық қазынашылық бөлімінің бас сарапшысы – бас қазынашысы..
2007 – 2012 жж. – Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті Целиноград аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары.
2012 – 2013 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментінің бас сарапшысы.
2013 – 2014 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау департаменті Жергілікті бюджет шығыстарын талдау басқармасының бас сарапшысы.
2014 – 2025 жж. – ҚР ҚМ Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары.
2025 жылдан бастап – ҚР ҚМ Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің директоры