
1988 жылы 19 наурызда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2005-2009 ж. - Астана, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Қаржы» мамандығы.
26.11.2009 ж. - 30.10.2010 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Ақы төлеуді жетілдіру мониторингі басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, сарапшы.
01.11.2010 ж. - 06.10.2011 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Жоспарлау, қаржы-экономикалық мониторинг және талдау басқармасының сарапшысы.
07.10.2011 ж. - 15.07.2012 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруды жоспарлау және мониторингілеу басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
16.07.2012 ж. - 28.02.2013 ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті Денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы.
01.03.2013 ж. - 12.10.2014 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті Денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы.
13.10.2014 ж. - 29.10.2017 ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Денсаулық сақтау бюджеті басқармасының бас сарапшысы.
30.10.2017 ж. - 11.04.2023 ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Мәдениет, ақпараттық кеңістік, спорт және дін басқармасының басшысы.
12.04.2023 ж. - 23.06.2024 ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары.
24.06.2024ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры.