
1983 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген (экономист). Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінде білім алған (әлеуметтік білім магистры).
Мансап
2006-2007 жж. – Қостанай облысының Статистика басқармасының, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің маманы, жетекші маманы
2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің сарапшысы
2010-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары
2020-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Талдау және есептілік департаментінің секторы меңгерушісі, департамент директорының орынбасары
2025-2026 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы
2026 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің директорының орынбасары