Астана қаласында туған. Қарағанды экономикалық университетінде «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша жоғары білім, сондай-ақ Ақмола политехникалық колледжінде «ЭЕМ және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалау» мамандығы бойынша арнаулы орта білім алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы бойынша Салық комитетінде бастаған.
Еңбек жолы барысында ақпараттық технологиялар саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, жетекші маманнан мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарға дейінгі еңбек жолынан өтті.
2004 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Салық комитетінде және «ҰАТ» АҚ-да басшылық және инженерлік-техникалық лауазымдарда қызмет атқарды.
2013 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақпараттық-статистикалық жүйелерді дамыту департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарды.
2018 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2021 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында IT-архитектор лауазымында қызмет атқарды.
2023 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы қаңтар аралығында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарушы директоры лауазымында қызмет атқарды.
2024 жылғы ақпаннан бастап 2025 жылғы желтоқсан аралығында IT-стартаптар саласында жеке кәсіпкер ретінде қызмет атқарды.
2026 жылғы қаңтардан бастап 2026 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Цифрландыру департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2026 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарады.