
Егембердиев Дәурен Жұмабайұлы 1985 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Қазақстан-Ресей университетін заңгерлік мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі бойынша заңгер, «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері және 2020 жылы Магистратура дәрежесінде Халықаралық құқық мамандығы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.
Өз еңбек жолын 2008 жылы ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде бастаған. 2009 жылдан бастап 2021 жылғы қыркүйек арасында ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде жұмыс істеді. 01.09.2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаменті МЖӘ Активтер және жобалар басқармасының бас сарапшысы болып тағайындалды. 20.04.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаменті МЖӘ Активтер және жобалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
18.05.2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін дамыту және бағалау департаменті директорының орынбасары.