
1985 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылғы наурыздан бастап 2008 жылғы шілде аралығында Астана қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттық технологияларды дамыту басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы болып бастаған.
Ауысу тәртібімен жұмыс істеді: 2008 жылғы шілдеден бастап 2009 жылғы тамыз аралығында – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының сарапшысы;
2009 жылғы тамыздан бастап 2010 жылғы наурыз аралығында – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауданы дамыту департаменті Сауданы дамыту басқармасының сарапшысы;
2010 жылғы сәуірден бастап 2010 жылғы қазан аралығында – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауданы дамыту департаменті Ішкі сауданы дамыту басқармасының сарапшысы;
2010 жылғы қарашадан бастап 2011 жылғы қаңтар аралығында – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда саясаты департаменті Ішкі сауданы дамыту басқармасының сарапшысы;
2011 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы ақпан аралығында – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитеті Талдау және ақпарат басқармасының сарапшысы;
2012 жылғы ақпаннан бастап 2013 жылғы маусым аралығында – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджет саясаты департаменті Бюджет жүйесін дамыту әдіснамасы басқармасының сарапшысы;
2013 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қазан аралығында – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті Бюджеттік сыныптаманы қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау рәсімдерінің әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы;
2014 жылғы қазаннан бастап 2015 жылғы қаңтар аралығында – ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті Бюджеттік сыныптаманы қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы;
2015 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы ақпан аралығында – ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік заңнама департаменті Бюджеттік сыныптаманы қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы;
2022 жылғы ақпаннан бастап 2026 жылғы наурыз аралығында – ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік заңнама департаменті Бюджеттік сыныптаманы қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау әдіснамасы басқармасының басшысы;
2026 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары.