1977 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі жоғары.
1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
2002 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
1999-2001 жылдары Жамбыл облыстық әскери комиссариаты құпия бөлімінің құпия хат-
хабарларындағы іс жүргізуші.
2001-2002 жылдары Оңтүстік әскери округі қолбасшысы басқармасының жеке күзет және
техникалық қызмет көрсету ротасының электронды есептеуіш машиналарының операторы, 03858 ә/б / (әскери атағы: кіші сержант).
2002-2004 г жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бас маманы.
2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
Заң департаменті Табиғи және мемлекеттік монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау басқармасының бастығы
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
Бақылау және сот ісін жүргізу департаментінің Бақылау, әкімшілік практика және сот ісін жүргізу бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң департаменті
Нормативтік құқықтық актілердің мониторингі басқармасының бастығы.
2010-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті инвестициялық жобалар басқармасының бастығы.
2010-2017 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының орынбасары.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы
орталығы» АҚ вице-президенті.
2021-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық
ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМК вице-президенті
2022-2024 жылдары «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Президенті
2025 жылғы шілдеден бастап «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.