
1984 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» халықаралық президенттік стипендиясы бойынша Эссекс Университетінің (Ұлыбритания) қаржы және менеджмент магистрі.
2007-2017 жж. – ҚР ҚМ ОА-да әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2017 - 2019 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаменті Мемлекеттік бағалы қағаздар, кепілдіктер және кепілгерліктер басқармасының басшысы.
2019 - 2026 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары.
2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры.