Эрнар Ержанов 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-та бастаған.
Мемлекеттік қызметке 2003 жылдың қаңтарында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде кірісті. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
2016 жылғы ақпаннан бастап 2018 жылғы ақпан аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты.
2018 жылғы ақпаннан бастап 2021 жылғы тамыз аралығында – ҚР Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы департаментінің директоры.
2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы қыркүйек аралығында – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Әуезов ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2025 жылғы 2 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі аппарат басшысының қызметін атқарып отыр.
Эрнар Ержанов еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.