
1972 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.
Өскемен құрылыс-жол институтының экономика факультетін бітірген.
1994-1997 жж. – Коммерциялық банктің экономисті, маманы, аға маманы, банкті тарату комиссиясының аға маманы, бас бухгалтердің орынбасары;
1997-1998 жж. – Қазақстан Республикасының Бюджеттік банкі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының аға экономисі, бас экономисі;
1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бас қазынашысы;
2001-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының төлемдерді реттеу бөлімінің бастығы, түсімдерді есепке алу және бөлу бөлімінің бастығы;
2005-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті түсімдер басқармасының бастығы, ішкі бақылау басқармасының бастығы;
2008-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Шемонаиха аудандық қазынашылық басқармасының бастығы;
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары;
2013-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы;
2019 -2026ж.ж.бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары;
2026 жылдан бастап Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің директорының орынбасары