
1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
Қостанай инженерлік-экономикалық университетін халықаралық қатынастар саласындағы экономист (шетел тілін меңгерген) мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономика саласындағы құқықтық реттеу мамандығы бойынша тәмамдаған, құқықтану бакалавры.
2004-2008 жж. – Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінде жетекші маман, бас маман және бас бақылаушы-ревизор болып жұмыс істеді.
2008-2015 жж. – Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында бас маман, бас бақылаушы-ревизор, бөлім басшысы.
2015-2016 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде сарапшы.
2016-2018 жж. – Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде сарапшы, бас сарапшы.
2018-2019 жж. – Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
2019-2022 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде бас сарапшы.
2022 жылғы тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит бойынша апелляция департаменті директорының орынбасары.