
1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.
2008 - 2009 жж. – Ақмола облысы бойынша Салық департаменті Аудит басқармасының бас маманы;
2009 - 2010 жж. – Көкшетау қаласы бойынша Салық басқармасының Өндірістік емес төлемдерді басқару бөлімінің бас маманы;
2010 - 2011 жж. – Көкшетау қаласындағы «Натур Продукт» ЖШС бухгалтері болып жұмыс істеді;
2013 - 2017 жж. – ҚР Статистика агенттігі Қызмет көрсету департаментінің сарапшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызмет көрсету статистикасы басқармасының бас сарапшысы;
2017 - 2019 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаменті;
2019 - 2024 жж. – ҚР Қаржы министрінің көмекшісі;
2024 жылғы ақпан айынан бастап – ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары.