
Қостанай облысында дүниеге келген. 1985 жылы Целиноград қаржы-экономикалық колледжін «Бюджеттік есеп» мамандығы бойынша, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қаржы академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
1985 - 1991 жж. – Қаржы басқармасында аға/бас есепші, 1991 - 1994 жылдары - Қостанай облысы Наурызым ауданы бойынша салық инспекциясында аға/бас есепші.
1994 - 1995 жж. – Ақмола облыстық қаржы басқармасы бас есепшiнiң орынбасары, 1995 жылдың тамызынан - Ақмола облыстық қазынашылық басқармасының бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмiнiң бастығы
1997 - 2004 жж. – Қазынашылық комитетінің бөлім бастығы, бөлім басшысының орынбасары, республикалық бюджет бойынша есеп беру бөлімінің басшысы
2004 - 2008 жж. – Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша қазынашылық басқармасының бастығы.
2008 - 2013жж. – Қазынашылық комитетінің Республикалық бюджеттік есептілік басқармасының басшысы
2013 - 2014 жж. – «ХозуМИД» РМК бас бухгалтерінің орынбасары
2015 - 2025 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті директорының орынбасары, Астана қ.
2025 жылдың 5 ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторының өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары, Астана қ.