Абдуллаев Калилла Насурлаевич
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
Общая информация, образование
Туған күні: 31 желтоқсан 1971 ж.
Ағымдағы сайланған күні: 24 маусым 2024 жылғы
Білімі:
- Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты;
- М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- 2000 жылы «Өтпелі экономика жағдайында өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу (Қазақстан Республикасының мысалында)» кандидаттық диссертация тақырыбын қорғады және экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды;
- 2010 жылы «Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру теориясы мен әдістемесі (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Карьера
Еңбек жолын 1994 жылы Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторы болып бастады.
- 1994 - 2012 жж. – Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторынан бастап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттердің бастығына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
- 2012 - 2013 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
- 2013 - 2014 жж. – «Қазақстан Республикасының салық консультанттары палатасы» ҚБ Вице-президенті;
- 2014 - 2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы;
- 2017 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
- 2019 - 2021 жж. – «Russell Bedford A+partners халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС Корпоративтік байланыстар бойынша серіктесі болды;
- 2021 - 2024 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры қызметін атқарды.