
1984 жылы Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (экономист), Орталық Қазақстан академиясын (заңгер) бітірді, бизнес және басқару магистрі, мемлекеттік аудитор.
2006 ж. - СҚО бойынша «Даму» ҚДҚ АҚ аймақтық филиалы, бас сарапшысы.
2008-2010 жж.- Көкшетау қаласының Әкімдігі жанындағы ведомстволық бығыныстағы ұйымдарда әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2011-2012 жж. - «Қазақстан Халық Банкінің «ЖЗҚ» АҚ Клиенттермен жұмыс істеу бойынша басқармасының аға менеджері.
2012-2013 жж. - «Есіл «ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ-ның аға менеджері.
2013 - 2016 ж.ж. - «Ақмола облысы бойынша Соттар Әкімшісінің» РММ-нің Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас сарапшысы.
2016 - 2019 ж.ж. - «СҚО бойынша Соттар Әкімшісінің» РММ-нің Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы.
2019 - 2023 ж.ж. - ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаментінің Ішкі мемлекеттік аудит әдіснамасы басқармасының басшысы.
2023 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР ҚМ Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.