
1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-ды, Экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономика университетін бітірген.
2005 - 2006 жж. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы корреспонденттік қатынастар бөлімінің жетекші маманы-жетекші қазынашысының міндетін атқарушы
2006 – 2007 жж. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы корреспонденттік қатынастар бөлімінің жетекші маманы-жетекші қазынашысы
2007 - 2008 жж. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы корреспонденттік қатынастар бөлімінің бас маман-бас қазынашысы
2008 – 2010 жж. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаменті Мемлекеттік сыртқы қарыздар басқармасының бас сарапшысы
2010 – 2016 жж. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаменті Мемлекеттік сыртқы қарыздар басқармасының бастығы
2016 - 2022 жж. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары
2022 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Министрлікті дамыту және оның қызметін бағалау департаментінің директоры