
1975 жылы 17 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 1999 жылы Мәскеу қаласындағы Жекешелендіру және кәсіпкерлік жоғары мектебін бітірді.
2018 жылы Қаржы академиясын бітіріп, экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1996 жылы Қостанай облыстық архивінде мұрағатшы лауазымында бастаған.
Мемлекеттік қызметке 2000 жылы Қостанай облысының Федоров аудандық қаржы басқармасына жетекші маман лауазымына түсті.
2001 – 2007 жж. – Қостанай облысы Қаржы департаментінің Ішкі аудит басқармасында бас маман болып жұмыс істеді;
2007 – 2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінде бас сарапшы;
2010 – 2011 жж. – ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Әкімшілік басқармасының басшысы;
2011 – 2025 жж. – ҚР ҚМ Мемлекеттік органдар бюджеті департаментінде бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары;
2025 – 2026 жж. – ҚР ҚМ Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары;
2026 жылдан бастап – ҚР ҚМ Мемлекеттік органдар бюджеті департаменті директорының орынбасары.