
1977 жылы туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2012 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылдан бастаған.
1999 жылы Астана қаласы бойынша Сот қаулыларын орындау комитеті департаментінің сот орындаушысы қызметін атқарды.
2000 жылы Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаменті Заңнама бөлімінің жетекші маманы.
2003-2021 жылдар аралығында Қаржы министрлігінде бөлім бастығы, басқарма басшының орынбасары, басқарма басшысы, директордың орынбасары және департамент директоры лауазымдарын атқарды.
2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Бақылау және құжаттама департаменті директорының орынбасары.