
Білімі – жоғары. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік мекемелердің менеджері» мамандығы бойынша үздік бітірген, 2009 жылы – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (Болашақ) «Менеджмент» бағыты бойынша менеджмент магистрі.
Д.М. Кеңбейіл – Халықаралық Валюта Қорының, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің, Азия Даму Банкінің, Ислам Даму Банкінің Басқарушылар кеңестерінде Қазақстан Республикасынан Басқарушының орынбасары.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесінде бастады. 2009 жылғы желтоқсанға дейін Қазынашылық комитетінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап 2017 жыл аралығында – ҚР ҚМ Мемлекеттік қарыз алу департаментінің бас сарапшысы, Концессиялық жобалар басқармасының басшысы, ҚР ҚМ осы департаменттің Мемлекеттік бағалы қағаздар, кепілдіктер және кепілгерліктер басқармасының басшысы;
2017 жылдан бастап 2019 жыл аралығында – ҚР ҚМ Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары;
2019 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы наурыз аралығында – ҚР ҚМ Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры;
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі лауазымын атқарады.
Бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.