GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
Көші-қон қызметі
19 октября 2026
Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 15,8 мыңнан астам дерегі тоқтатылды

     Елімізде “Нелегал” іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 15,8 мыңнан астам дерегі анықталды.

     5–16 қазан аралығында Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ шетел азаматтарының елде болу қағидаларын сақтауын бақылауды күшейтуге бағытталған “Нелегал” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

     Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жеке және заңды тұлғалар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, көші-қон заңнамасының талаптарын және оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді. Шетел азаматтарына тұрғын үй беру, оларды тіркеу тәртібін сақтау және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Сонымен қатар шетел азаматтары шоғырланып тұратын орындар, құрылыс нысандары, базарлар, сондай-ақ шетелдік жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар тексерілді.

     Операция қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасы саласында 15,8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

     Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданды. Тиісті рұқсаттарсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 815 жұмыс берушіге қатысты шаралар қолданылды. Сондай-ақ шетел азаматтарының өздерінде болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламаған 3 533 жеке және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.

     Соттар көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды Қазақстан аумағынан шығару туралы 2 243 шешім шығарды. Бұдан бөлек, елде одан әрі болуына жол берілмейді деп танылған 2 479 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды.

     Мәжбүрлеп елден шығару шарасы 236 шетел азаматына қатысты орындалды. Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

     Тексеру барысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен 14 шетел азаматы да анықталды. Аталған фактілер бойынша шекара қызметімен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

     Сонымен қатар іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің құқық қорғау органдарынан Қазақстан аумағында жасырынып жүрген 62 шетел азаматы ұсталды.

     Анықталған құқық бұзушылықтарды талдау заңсыз көші-қонның негізгі себептерінің бірі жекелеген азаматтардың заңда белгіленген талаптарды айналып өтіп, тез пайда табуға ұмтылуы екенін көрсетеді.

     Бірқатар жағдайда шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне Қазақстан азаматтарының өздері ықпал етіп, олардың елде болуын ұйымдастырады, тұрғын үймен қамтамасыз етеді және қажетті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметіне тартады.

     Мәселен, Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге тұрғын үй беріп, заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Осындай фактілер Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды.

     Операция барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың жолын кесуге ерекше назар аударылды.

     Мәселен, Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 40-қа жуық шетел азаматы анықталды.

     Осындай заң бұзушылықтар Алматы қаласында, сондай-ақ Қарағанды, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді. Барлық жағдайда шетелдік жұмысшылар мен жұмыс берушілерге қатысты заңнамада көзделген шаралар қабылданды.

     Бұдан бөлек, бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібін екі немесе одан да көп рет бұзған 10 жұмыс берушіге қатысты тергеп-тексеру басталды. Қайталанған құқық бұзушылықтар үшін оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

     Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзатын және елде белгіленген мінез-құлық нормаларын құрметтемейтін шетел азаматтарына ерекше назар аударылды.

     Атап айтқанда, көші-қон заңнамасын бұзуға қатысы жоқ, алайда бірнеше рет өзге де құқық бұзушылықтар жасаған, соның ішінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар туралы сөз болып отыр.

     Мұндай азаматтарды Қазақстан аумағынан шығару туралы полиция соттарға 31 өтінішхат жолдады. Тиісті шараларды қолдану бастамасы Шымкент қаласында, Алматы қаласында, сондай-ақ Абай, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Қостанай және Түркістан облыстарында көтерілді.

     Егер соттар елден шығару туралы шешім қабылдаса, аталған шетел азаматтарына Қазақстан аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынады.

     Полиция көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, заңсыз көші-қон арналарының жолын анықтау, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге ықпал ететін адамдарды жауапкершілікке тарту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

     Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әрбір адам азаматтығына қарамастан, ел заңдарын сақтауға міндетті.

Көші-қон қызметі
07 октября 2026
Астанада "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

     Астана аумағында 5-9 қазан аралығында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

     Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 60-тан астам шетел азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

     Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған екі шетел азаматына қатысты ел аумағынан мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі қабылданды.

     Іс-шара барысында заңсыз көші-қонға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ шетел азаматтарына Қазақстан аумағында болу тәртібін түсіндіруге бағытталған профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда.

     Полиция азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

     Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, олардың Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзуы немесе тиісті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Көші-қон қызметі
06 октября 2026
Елордада көлік полицейлері заңсыз жұмыс істеген үш шетел азаматын ұстады

     Елордада көлік полицейлері заңсыз жұмыс істеген үш шетел азаматын ұстады.

     Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3043 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 2801 шетел азаматы Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдері бойынша 837 құқық бұзушы ел аумағынан шығарылды.

     Атап айтқанда, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері 22, 28 және 33 жастағы үш шетелдікті анықтады. Олар Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті, заңнамада көзделген құжаттарсыз құрылыс нысанында жұмыс істеген.

     Құқық бұзушылар сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылды.

     Көлік полицейлері ескертеді: шетел азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын, оның ішінде ел аумағында болу тәртібі мен еңбек қызметін жүзеге асыру талаптарын сақтауға міндетті. Қажетті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде ел аумағынан шығаруға және Қазақстанға кейіннен кіруге шектеу қойылуына әкеп соғуы мүмкін.

Көші-қон қызметі
23 июля 2026
Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетелдік ұсталды

     Түркістан облысында полиция қызметкерлері тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу, шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы іс-қимыл бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

     Мәселен, Түлкібас ауданының аумағында көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Тексеру барысында 12 шетел азаматының экскаватор мен жүк автокөлігін пайдалана отырып заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгені анықталды.

     Құқық бұзушылардың барлығына қатысты көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін қабылдаушы тарапқа да әкімшілік шара көрілді.

     Тәртіп сақшыларының дер кезінде араласуының нәтижесінде шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметінің жолы кесіліп, заңсыз жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде көші-қон заңнамасының одан әрі бұзылуына жол берілмеді.

     Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

Көші-қон қызметі
16 июня 2026
ІІМ: Елімізде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам фактісі әшкереленді

     Елімізде "Заңсыз келуші" іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды.

     Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында 8-12 маусым аралығында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

     Іс-шара барысында жеке және заңды тұлғалармен шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібін сақтау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үй бергені және тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

     Бұдан бөлек, шетел азаматтарының тұрғылықты жерлері, құрылыс нысандары, базарлар, ұйымдар мен шетелдіктердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер тексерілді.

     ЖПІШ қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 13 035 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

     – болу қағидаларын бұзғаны үшін 9 359 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

     – еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 3 828 шетел азаматы жауапқа тартылды;

     – шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 882 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды;

     – өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полиция органдарын уақытылы хабардар етпегені үшін 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

     Соттардың шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. 122 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталды.

     Аталған фактілер бойынша шекара қызметімен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатыр.

     Халықаралық іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің әділ сот органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды.

     Анықталған құқық бұзушылықтарды талдау нәтижесі көрсеткендей, көптеген жағдайда көші-қон заңнамасының бұзылуына заңсыз әрі тез табыс табуды көздеген Қазақстан азаматтарының өздері себеп болып отыр.

     Мәселен, Атырау облысында шетел азаматтарын Қазақстаннан көрші мемлекетке заңсыз өткізуді ұйымдастырған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

     Осыған ұқсас фактілер Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды.

     Мысалы, Ақтөбе облысындағы құрылыс нысандарының бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 60-қа жуық шетел азаматы анықталды.

     Осындай дерек Астанада да тіркелді. Мұнда жұмыс беруші Африка мемлекеттерінің алты азаматының еңбегін заңсыз пайдаланған.

     Сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында, Қарағанды, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс нысандарына шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту фактілері анықталды.

     Барлық құқық бұзушы мен олардың жұмыс берушілері заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

     Бұдан бөлек, бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын екі және одан да көп рет бұзған бес жұмыс берушіге қатысты тергеу басталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оларға қылмыстық жауапкершілік көзделген.

     Мұндай фактілер Жамбыл, Қарағанды және Атырау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында анықталды.

     Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және анықтау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Көші-қон қызметі
15 июня 2026
Алматыда заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілді

     Алматы қаласында көші-қон заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған "Келімсек-2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

     Бес күнге созылған іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1 176 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 225 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

     Атап айтқанда, мегаполис аумағында болу қағидаларын бұзған 830 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шақырған азаматтарының Қазақстан аумағында заңды түрде болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған 273 қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 73 жұмыс беруші анықталды.

     Іс-шара барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш шетел азаматы анықталып, ұсталды.

     Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге ерекше назар аударылды. Аталған фактілер бойынша шетел азаматтарының заңсыз келуі мен болуын ұйымдастыру деректері бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.

     Сондай-ақ бұған дейін сот шешімімен ел аумағынан шығарылған 57 шетел азаматын өз мемлекеттеріне мәжбүрлі түрде қайтару жұмыстары жүргізілуде.

     Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі әрі профилактикалық сипатқа ие.

- Біздің негізгі мақсатымыз – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, көші-қон саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл – ең алдымен қоғамдық қауіпсіздік, тиімді бақылау және заң талаптарының баршаға бірдей сақталуы мәселесі. Біз заң бұзушыларды ғана емес, олардың елімізде заңсыз болуына ықпал ететін тұлғаларды да анықтап, жауапкершілікке тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Олардың қатарында қабылдаушы тараптар да, жұмыс берушілер де бар, – деді Еркін Амантаев.

     Оның айтуынша, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу көші-қон қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

- Мұндай әрбір дерек жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, қоғамдық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатердің белгісі. Сондықтан біз заңсыз көші-қон схемаларының жолын түбегейлі кесіп, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке дейін тарту қағидатын ұстанамыз,  – деп түйіндеді спикер.

Көші-қон қызметі
11 июня 2026
Елордада көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар жауапқа тартылды

     Астана қаласында өткізіліп жатқан "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

     Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 500-ден астам шетел азаматын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, тіркеу және олардың уақытша болуы туралы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     Тексеру шаралары барысында ел аумағында заңсыз жүрген, тіркеу мерзімін бұзған және көші-қон заңнамасының өзге де талаптарын сақтамаған шетел азаматтары анықталды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушілерге қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

     Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алу және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.

Көші-қон қызметі
09 июня 2026
“Нелегал” ЖПІШ: ШҚО-да көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

     ШҚО-да көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді.

     Шығыс Қазақстан облысында “Нелегал” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Операцияның негізгі мақсаты — шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау және заңсыз еңбек қызметінің жолын кесу. Іс-шараның алғашқы тәулігінде-ақ ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 50-ден астам шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

     Мәселен, Үлкен Нарын ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 8 шетел азаматы анықталды. Тексеру кезінде олардың екеуі бұған дейін де полиция назарына іліккені белгілі болды.

     Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған азаматтарға Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар, шетелдік жұмысшыларды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне айыппұл төлеуге міндеттелді.

— Уақытша болатын шетел азаматтарының тиісті рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысуына қатаң тыйым салынады. Жұмыс берушілерді қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жауапкершілік танытып, көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

     Полиция жауапкершілік тек шетел азаматтарына ғана емес, оларға жұмыс ұсынған тұлғаларға да қарастырылғанын еске салады. Заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар облыс аумағында жалғасуда.

Сыртқы көші-қон
26 мая 2026
ШҚО-да 17 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

      Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұза отырып еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген шетелдік азаматтарды анықтау мақсатында аймақтағы құрылыс нысандары мен базарларды тұрақты түрде тексеріп тұрады.

     Мәселен, Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген кезекті тексеріс барысында полицейлер уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 17 азаматын анықтады.

     Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар облыс аумағына шамамен бір ай бұрын келіп, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеместен, 10 күннен астам уақыт бойы нысанда жұмыс істеген.

     Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.

     Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

   ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметімен айналысуына тыйым салынатынын ескертеді. Заңнама талаптарын бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

 

Азаматтық, иммиграция және эмиграция
23 мая 2026
Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды

     Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды, - деп хабарлайды.

     Қордай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның құқықтық мәртебесін анықтап, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсетті.

     Азамат өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Құжаттарының және тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ол ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.

     Қордай ауданына көшіп келгеннен кейін шалғай таулы аймақта малшы болып жұмыс істеген.

     Полиция қызметкерлері алдымен оның жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік деректерді жинау және жеке мәліметтерін тексеру бойынша тиісті сұраныстар жолдады. Нәтижесінде қажетті құжаттардың толық топтамасы дайындалды.

     Барлық кезеңде азаматқа құқықтық кеңес беріліп, практикалық көмек көрсетілді.

     Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 20 мамырда азамат алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.

     Ол Қордай аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлеріне, сондай-ақ "Аяла" отбасын қолдау орталығына алғыс білдіріп, көрсетілген көмек оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына себеп болғанын айтты.

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы