Как зарегистрироваться гражданам Казахстана при прибытии из-за рубежа на постоянное место жительство?

Как зарегистрироваться гражданам Казахстана при прибытии  из-за рубежа на постоянное место жительство?

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.12.2011 ж. № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасына шетелден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:

         - тұрғын үй иесінің немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның қатысуы талап етіледі) және тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның тіркеуге жазбаша келісімі;

         - паспорт (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған кезде паспортын жоғалтқан немесе паспортының мерзімі өтіп кеткен жағдайда – қайтып оралуға арналған куәлік);

         - бұрын тұрған елдің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы анықтаманы қосымша ұсынады. Бұрынғы тұрған елден есептен шығарылғанын растайтын құжат.

         Азаматтығының жоқтығы туралы анықтама болмаған кезде азамат бұрынғы тұрған елден көрсетілген құжаттардың бірін талап ету (алу) кезеңіне уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.