Азамат егер ол Ресей Федерациясында оқитын болса, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуді сақтай ма деген сұрақпен ІІМ Көші-қөн қызметі комитетке жүгінді.
«Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 51-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң), республикада тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша және уақытша болу орны бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айкындайтын тәртіппен тіркелуге міндетті.
Сонымен бірге, егер азамат шетел мемлекетінде оқитын болса және уақытша шетелде болса, оның Заңнамаға сәйкес республика аумағында тұрақты тіркеуі болуы керек екенін хабарлаймыз.
Егер ол көбінесе шетелде тұрса, бұл Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету үшін құжаттар рәсімдеу (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген) ережелерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуді рәсімдеуге негіз болып табылады.