
Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері мен шетелдік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі (стандарттары мен регламенттері) анықталды.
- Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында виза беру жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағына берілді;
Визалар Қазақстан Республикасының елшіліктері жоқ шетелдіктер үшін беріледі.
Бастапқы кезеңде Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына ұшып келу бойынша виза беру бойынша көші-қон пункттерін ашу жоспарланды.
Бұдан әрі бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының барлық халықаралық әуежайларына таралады.
- Электронды визаны рәсімдеу тәртібі бекітілген.
- Бір реттік іскерлік, туристік визалар мен емделуге арналған визаларды электронды форматта ала алатын 109 елдің тізімі кеңейтіліп, бекітілді.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту еліміздің барлық халықаралық әуежайларында жүзеге асырылатын болады;
- Өтініш негізінде бұрынғы отандастарға 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге жеке сапарлар үшін көп мәртелік виза алу құқығы беріледі;
- инвесторлар үшін визалардың қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін ұлғайтылды;
- "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Конституциялық Заңын іске асыру мақсатында "Астана "халықаралық қаржы орталығының" инвестициялық резиденттерінің виза алу тәртібі анықталды»;
Анықтамалық:
"Астана "халықаралық қаржы орталығы туралы" ҚР Конституциялық Заңына инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы ұғымы енгізілді. АХҚО инвестициялық резиденттері мен олардың отбасы мүшелері АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты негізінде бес жылға дейінгі мерзімге келу визасын алады.
-көші-қон қызметі органдарына бизнес-көшіп келушілер үшін шақыруды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасы астанасының, Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухатын беру туралы талаптың күші жойылды;
- Қазақстан Республикасының аумағында "С2" санатындағы визаға "В10" (жеке), "С3" (жұмыс) және "С9" (оқу) виза санаттарын ауыстыру (отбасымен қосылу) мүмкіндігі берілді;
- Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі болған жағдайда Қазақстан Республикасында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдіктерге "С7" санатындағы визаны ұзартуға қойылған шектеу жойылды.
Анықтамалық:
Бұрын Қазақстан Республикасының аумағында бұл визаны бір рет қана ұзартуға рұқсат етілген болатын.
Бұл жаңалықтар 2020 жылдың 18 қыркүйегінен бастап заңды күшіне енеді.