Көші-қон қызметі комитетімен «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту себептерін түсіндіруге қатысты Алматы қаласы тұрғынының өтініші қаралды.
Тексеру барысында, өтініш беруші тіркелуге шешім қабылдаған, тұрғын үйге бірнеше отбасы мүшелерінің меншік құқығы бар екендігі анықталды, алайда барлық құқық иелерімен тіркеуге келісім берілмеген.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық кодексінің 212-бабына сәйкес, үлестік меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу туралы қағидаларының 4-тармағына сәйкес, ішкі көшіп-қонушыны тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде барлық үй иелерінің келісімі қажет екендігі туралы түсініктеме берілді.