Мекенжай анықтамаларының алынып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасында қандай шаралар қабылдануда, егер оларды шетелде ұсыну қажет болса?

Мекенжай анықтамаларының алынып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасында қандай шаралар қабылдануда, егер оларды шетелде ұсыну қажет болса?

       ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне «электрондық үкімет» порталы арқылы шетелдегі магистратураға түсу мекенжай анықтамасын алу үшін қажет болғандығы  мәселесі бойынша азамат жүгінді.

Осыған байланысты, оған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген түзетулерге сәйкес (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 726 Қаулысы) «Тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылы 1 қарашадан бастап алынып тасталған, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері де азаматтардан мекенжай анықтамаларын  талап етуге құқылы емес екенін туралы түсініктеме берілді.

Сонымен қатар, өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі - СІМ) Қазақстан Республикасының заңнамасында мекенжай анықтамаларының алып тастау бөлігінде енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, шетелдік мекемелер және компаниялар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілгені және жүргізілуде екендігі хабардар етілді.