
Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон қызмет комитеті хабарлайды, «2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы» келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама 2020 жылғы 18 тамызда күшіне енді.
Осы хаттама бойынша мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін құжаттар тізбесінен, тараптардың азаматтығына тиесілігін көрсете отырып 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі мен (фотосуреті бар) анықтама-қосымшаны алып тастауды көздейді.
Аталған норма тек Қырғыз Республикасымен ғана қолданылғанын және алыс шетел мен ТМД-ның басқа мемлекеттерімен ұқсас құжаттар қарастырылмағанын атап өту қажет.