ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының, жеке басты куәландыратын құжаттағы ұлты туралы мәліметті жеке куәлік беруге арналған формулярдың көшімесімен бірге беру туралы өтініші қаралды.
Өтінішті қарау кезінде арызданушыға сұратылған ұлты туралы мәліметтер берілді. Алайда, формулярдың көшірмесін ұсынудан бас тартылды, өйткені Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау үшін (босқын куәлігінен басқа) формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларының 59-тармағына сәйкес формулярдың (1-нысан) көшірмелері азаматтарға берілмейді.