«Тіркелген азаматтар туралы ақпаратты қалай алуға болады?»

«Тіркелген азаматтар туралы ақпаратты қалай алуға болады?»

Үйдің иесі болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ІІМ Көші-қон қызметі комитетке өзінің мекен-жайы бойынша тіркелген азаматтар туралы ақпарат алу мәселесі бойынша жүгінді.

Азаматқа қазіргі уақытта үй иесінің мекен-жайы бойынша тіркелген азаматтар туралы ақпаратты «электрондық үкімет» порталындағы (e-Gov) «Жеке кабинетінде» көруге болатындығы түсіндірілді. Қажет болса, бұл ақпаратты жүктеуге болады (бұрын мұндай ақпарат ХҚКО және Портал арқылы 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап жойылған мекен-жай анықтамалар түрінде берілген).