ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің атына Алматы қаласының тұрғыны «Қазақстан Республикасын» «Қазақ КСР» және «Алматы облысын» «Алматы облысына» ауыстыра отырып, туған жеріне түзетулер енгізуге және оны туу туралы куәлікке сәйкес келтіруге қатысты өтініш білдірді.
Өтініш берушіге жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидалары түсіндірілді (ҚР ІІМ-нің 31.05.2016 жылғы № 583 бұйрығымен бекітілген), оған сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау үшін формулярды толтыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында, жергілікті жерлерде орналасқан атаулар қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес жазылады.
Сондықтан құжаттарға ресімдеу кезінде қолданыстағы республиканың, қаланың немесе өңірдің атауы енгізіледі.