Дербес деректерді ұсыну туралы

Дербес деректерді ұсыну туралы

Көші-қон қызметі комитетімен Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының үшінші тұлғаға қатысты тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәліметін ұсынуға қатысты сұранымы қаралды (яғни құқығы мен мүддесін білдіретін тұлғаға емес).

         Сұранымды қарау барысында, адвокатта азаматтың өзінің дербес деректерін ұсынуға келісімі жоқ екені анықталды, осыған байланысты бұл ақпаратты беруден бас тартылды.

         Республика аумағындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат, жеке немесе заңды тұлғаның не оның заңды өкілінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға ұсынуға жатпайды (Қазақстан Республикасы «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 11-бабы, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабы).