Мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік қызметтер туралы

        Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа аудару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру азаматтардың қызмет алуын жеңілдетеді, әкімшілік кедергілерді алып тастайды, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы мен полиция қызметкері арасындағы тікелей байланыстың болмауына алып келеді.

      ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Г.О.Сарсенова атап өткендей, бүгінде ішкі істер органдары 36 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 15-ін Көші-қон қызметі комитеті ұсынады.

       Комитет Цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жаңа редакциясымен жұмыс жүргізу барысында Ішкі істер министрлігімен қағаз түрінде көрсетілетін қосымша 1 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, 8 жаңа электрондық мемлекеттік қызмет енгізілуде.