ІІМ Көші-қон қызметі кометімен Ресейде тұрақты тұрғынының республиканың аумағында тіркелу туралы азаматтың өтініші қаралды.
Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша болу (тұру) мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден бір айдан астам уақытқа келген Қазақстан Республикасының азаматтары келген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Қазақстан Республикасының паспорт негізінде уақытша тіркеуді ресімдейді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу туралы қағидаларының 13 тармағына сәйкес).
Яғни, егер азамат республикада бір айға дейін болуды жоспарласа, уақытша болу орнында тіркелудің қажеті жоқ.
Сонымен бірге, республика аумағында бір айдан астам болған жағдайда, ол келген күннен бастап күтізбелік 10 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұруға міндетті.