ІІМ-мен көрсетілетін қызмет түрінің бірі, республикадан тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорт дайындау болып табылады.
Осыған байланысты, ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен СІМ-мен бірлесіп 2019 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде (Москва қ.) пилот шеңберінде шетелде тұратын Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау үшін электрондық формулярларды ресімдеу ұйымдастырылды.
Жобаны енгізу республикадан тысқары жерде тұрақты және уақытша тұратын ҚР азаматтарына паспорт беру мерзімін (төрт есеге) айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді (120-дан 30-35 күнтізбелік күнге дейін), сондай-ақ қағаз жүзіндегі құжат айналымы алынып тасталады.
Алдағы уақытта, шетелде тұратын Қазақстан азаматтарына паспорт ресімдеу процесін автоматтандыруды ҚР барлық шетелдегі мекемелеріне тарату жоспарлануда.