ІІМ Көші-қон қызметі комитетке азаматтардан жеке сейкестендіру номерлері (одан әрі – ЖСН) дұрыс көрсетілмегендіктен екінші деңгейдегі барктердің немесе басқа ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тарту туралы өтініштері жиі түседі.
Сонымен бірге қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келетін азаматтар ЖСН-мен тұған күні, тұған ғасыры, жынысы және т.б. арасындағы сәйкессіздік туралы жиі көрсетіледі.
Осы мәселе бойынша түсіндіреміз, ЖСН қалыптастыру туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт беру кезінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде құрылады және бірегейлік пен өзгермеушілік қағидаттарына негізделген. Азаматтарға ақпараттық жүйе тағайындаған ЖСН бірегей және тек «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы нақты адамға сәйкес келеді.
Бұл әрбір азаматтың ЖСН-і басқа адамның ЖСН-мен сәйкес келмейтіндігін білдіреді, бұл ретте «Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бала асырап алу жағдайларынан басқа (Заңның 9-бабы), ЖСН бір рет тағайындалады және өмірінің соңына дейін өзгермейді.
Яғни, егер азамат өмір бойына тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жынысын және басқа деректерін өзгертсе, бұл ретте ЖСН өзгермейді, өйткені бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тұлғаның негізгі идентификаторы.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың екінші деңгейлі банктерінің ЖСН-ің туған күніне, адамның жынысына және азаматтың басқа анақтамалық мәліметтеріне сәйкес келмеуіне байланысты қызмет көрсетуден бас тартуы заңсыз екендігіне назар аударамыз.
ЖСН-ге байланысты проблемалық мәселелер бойынша осыған ұқсас арыздар түскенін ескере отырып, ІІМ Ұлттық банктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» ҚЕАҚ (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың), Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ведомствоның бағынысты ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуі кезінде ЖСН үшін бас тартуына қатысты шаралар қабылдау туралы хат жолдаған болатын.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз кезенгінде, ЖСН-ның дұрыс болмауынан мемлекеттік, сондай-ақ банк қызметтерінен бас тартуға жол бермеу, оның ішінде ЖСН-де туған күнін және жеке тұлғалардың басқа да айқындамалық деректерін тексеру мәніне бақылау функцияларын болдырмау мәніне жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ұсынған.