ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттік ұйымдарда (мекемелерде) - сотта, әкімдікте, прокуратура және т.б. паспортты ұсыну мәселесін түсіндіру үшін жүгінді, себебі оған паспорт бойынша сотта қатысуға бас тартылған.
Осы мәселе бойынша азаматқа қолданыстағы заңнамаға түсініктеме берілді, яғни ҚР «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.
Осылайша, ҚР азаматының паспорты жеке басын ҚР шегінен тыс жерлерде ғана растайтынын туралы мәлімдеме дұрыс емес.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық азаматтары (16 жасқа толған) оның аумағында тұрақты тұратындар біз жеке куәлікке назарыныз аударамыз.