«Үй кітабынан үзінді алу мүмкін ба?»

«Үй кітабынан үзінді алу мүмкін ба?»

    ҚР ІІМ Көші - қон қызметі комитетіне Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы үй кітабынан мұрағаттық үзінді алу мәселесі бойынша жүгінді.

 Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркеуден шығару) туралы мәліметтер ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде берілетініне назар аударамыз.

  Азаматтарды тіркеу кітаптары (бұдан бұрын - үй кітабы, тұрғындарды есепке алу кітабы) 2011 жылғы желтоқсанға дейін, яғни ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 қаулысымен олардың күші жойылғанға дейін тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат болып табылатын. Бұл ретте, азаматтарды тіркеу кітабының түпнұсқалары тұрғын үй иелерінде сақталуға тиіс. Сондықтан азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер азаматтарды тіркеу кітабының түпнұсқасы ұсынылған кезде ғана расталуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге түсіндірілді.

   Сондай-ақ, қазіргі уақытта азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында «Жеке кабинетте», электрондық цифрлық қолтаңба (ЭТТ) болғанда, сондай-ақ мобильді eGov.mobile қосымшасында орналастырылғанын хабарлаймыз.