ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен Порталда мекен-жайы туралы ақпараттың болмауы туралы азаматтың өтініші қаралды.
Тексеру барысында, азаматтың мекен-жайы туралы ақпаратта әкімдікпен әр мекен-жайға берілген мекен-жайдың тіркеу коды (МТК) болмағандықтан Порталда мекен-жайы көрсетілмегені анықталды.
Мекен-жай кодының енгізілуі, ІІМ тұрғылықты жері бойынша тіркеудің бизнес-процестерін автоматтандыру мақсатында 2018 жылдың қараша айынан бастап, мекен-жайдың тіркеу кодына (МТК) сәйкес қызметтерді көрсетудің жаңа форматына көшу жүргізілуіне байланысты болды. Мемкорпорациямен және әкімдіктермен бірлесіп мекен-жайлар базасын толтыру жұмыстары бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
Көші-қон қызметі комитет қабылдаған шаралардың нәтижесінде, оның мекен-жайы туралы ақпарат МТК тағайындау үшін өзгертулермен толықтырылды.